Біздің өміріміздегі жауапты кезең
Біздің өміріміздегі жауапты кезең
«AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі, Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Юрий Жулин және Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Ажиков зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Мәжіліс депутаты ұжым­мен әңгімелесу алдында мекеме жұ­­мы­сымен жіті танысып, қыз­мет­кер­лердің жай-күйін сұрап білді. Кездесу барысында рес­пуб­лика­лық референдум өт­кізу­дің маңыз­­­­дылығы мен қа­жет­тілігі ту­­­ралы мәселелер тал­қы­ланды. «Саяси өмірде референдум сияқты демократиялық инс­ти­тут­­ты қолданудың тиімді тұсы көп. Ал Негізгі заңға түзетулер ен­гі­зу ел болашағына айтарлы­қ­тай әсер етеді. Конституциялық реформа жалпыұлттық сипатқа ие, ол жаңа мемлекеттік модель­дің негізін қалайды», – дейді Юрий Жулин. Оның айтуынша, консти­ту­ция­лық түзетулер елдегі ең маңыз­ды мемлекеттік басқару инсти­туттарын қамтиды. Ол функция­ларды қайта бөлуге және биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары арасында оңтайлы тепе-теңдікті қалыптастыруға ба­ғытталған. Сонымен бірге бұл өзгерістер саяси мәдениетті арттыруға және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құруға ықпал етуге тиіс.