Қызылордада саябаққа кеткен екі жас қыз табылмай жатыр
Қызылордада саябаққа кеткен екі жас қыз табылмай жатыр
Фото: ПБ-нан алынды
403
оқылды
Қызылордада полиция саябаққа кеткен екі жасөспірім қызды іздеп жатыр. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бір күннен бері хабарсыз кеткен 14 және 16 жастағы жасөспірім қыздарға іздеу жариялады. Із-түзсіз кеткен Раушан Меңлібай мен Наргиз Жұбандық 1 маусымда қаладағы демалыс орнына қыдырып кеткеннен кейін үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қандай да бір ақпарат пен қыздардың жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29 75 20 телефонына немесе 102-ге қоңырау соғуды сұрайды.