Ел тағдырын шешуге мүмкіндік береді
Ел тағдырын шешуге мүмкіндік береді
383
оқылды
Президентіміз Қасым-Жомарт То­қаев­тың төрағалығымен Конституцияға енгі­зі­летін өзгерістер мен толықтырулар «Жа­ңа Қазақстанды» құрудағы аса ма­ңызды белес болмақ. Бұл түзетулер елі­міздің саяси жүйесін демокра­тияландыру мен модер­низациялауға үлкен серпін береді. Бұл – Президенттің ең батыл қадамы. Жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы және нық та сенімді бастамасы. Өйткені Мемлекет басшысы біріншіден өзінің президенттік құқығын қысқартып, Парламенттің құзырын едәуір күшейтуге қадам жасап отыр. Осының арқасында азаматтардың билік ісіне араласуы артып, құқық қорғау саласы жаңа бағытта жұмыс жүргізуді бастайды. Облыс әкімдерін тағайындау жүйесі өзгеріп, мәслихат депу­таттарының көп дауысын алған үміткер әкім болып сайланады. Бұл жергілікті мәслихат депутаттары беделінің артаты­нының белгісі. Енді тіке сайлау арқылы түскен халық қалаулылары, өз сайлаушыларының алдында сенімді ақтай алмаса, онда сайлаушылар оны мандатынан айыруға құқылы. Мәслихаттардың ықпалын арттыру арқылы сайлаушылардың көзқарасы мен пікірін барынша толық қамтуға мүмкіндік жасалады. Аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата Заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау үшін жасалып жатыр. Референдум өткізу азаматтардың осындай жалпыұлттық сипаттағы маңызды мәселеге және ел тағдырын шешуге дауыс беруге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Рабиға ҚУАТБЕКОВА, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты