Дамудың жаңа сатысына өтеміз

даму

«AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық партиялық штабтың мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова мен Ирина Унжакова Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді жан-жақты түсіндіру үшін Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен кездесті.

– Референдум – Жолдауда жариялаған реформаларды ха­лықтың таңдауы арқылы құ­қық­тық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі дең­гейіне өтеді. Өйткені реформа отандық құқықтық және пар­тиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді. Егер еліміздің өз­гер­генін, Мемлекет басшысы айтқан «Әділетті Қазақстан­ның» құрылғанын қаласақ, 5 маусымдағы жалпыхалықтық референдумға қатысуымыз керек, – деді «AMANAT» пар­тиясы жанындағы Республика­лық партиялық штабтың мү­шесі Жанат Омарбекова.

1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата Заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәй­ке­сінше, еліміздің біршама маңыз­ды салаларында өзгеріс болады.

даму

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгі­зілуі – Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де болып тұра­тын саяси процесс. Себебі уа­қыт озған сайын заман талабы өзгеріп отырады.

– Мемлекеттік басқару жүйе­­­сін өзгертіп, елдегі саяси ах­уал­ға жаңа дем беретін Конс­­титуциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» идеясының нақты жү­зеге асуы­­ның дәлелі. Мажори­тар­лы сайлау жүйесінің ен­гізілуі тек республикалық дең­гейде ғана емес, жергілікті жер­лерде сай­лаушылардың мүд­десінің жіті қорғалуына мүмкіндік туғы­зады. Біз аза­мат­тармен кез­десіп, Консти­туцияға енгі­зі­летін өзгерістер мен толық­ты­руларды жан-жақты тү­сіндіріп, туындаған сұрақта­рына жауап береміз. Сонда адамдардың ре­ферен­думға деген көзқарасы өзге­ріп, қол­дайтынын айтып жа­тады. Менің ойымша, кез келген ақпаратты халыққа тү­сінікті тілде дұрыстап жет­кізу маңыз­ды, – дейді «AMANAT» пар­тиясы жанындағы Респуб­ликалық партиялық штабтың мүшесі Ирина Унжакова.

Кездесуге қатысқан кітап­хана қызметкерлері Республи­калық штабтың мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пі­кірін де білдірді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.