Семей тұрғыны емшіге сеніп, 210 мың теңгесінен айырылды

Семей тұрғыны емшіге сеніп, 210 мың теңгесінен айырылды 1
Фото: yandex.kz

Семей тұрғыны науқас қызын емшіге емдетпек болып, 210 мың теңгесінен айырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл мамыр айында Семей қаласы ПБ Әуезов аудандық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Ол 2017 жылдың көктемінде танымайтын әйел тері ауруына шалдыққан қызын «емдеймін» деп өзінен 210 мың теңге алғанын айтты. Бірақ қызына емшінің «емі» қонбаған.

Полицейлер 61 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Алған ақшасын кері қайтарды.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі, яғни «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.