Талдықорғанда 18 жастағы қыз 77 жастағы туысының зейнетақы жинағын ұрлады
Талдықорғанда 18 жастағы қыз 77 жастағы туысының зейнетақы жинағын ұрлады
Фото: kursiv.kz
150
оқылды
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткен 77 жастағы туысының зейнетақы жинағын ұрлаған. Талдықорғанда 18 жастағы қыз зейнеткер әйелдің 3,5 миллион теңгеге жуық қаржысын жымқырған. Күдікті қарт әйелдің туысқаны екені белігілі болды. Соңғы екі айда ол зейнеткердің пәтерінде тұрған. Полиция 1,7 миллион теңгені тауып, иесіне қайтарды. Қалған қаржыны бойжеткен өз қажетіне жұмсап, банктегі кредитін төлеген. Тергеу басталды. Күдіктіні қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр.