«Қазақавтожолдың» басшысы ауысты
«Қазақавтожолдың» басшысы ауысты
Фото: gov.kz
Самат Ғилымов «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып тағайындалды. Самат Ғилымов 1964 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы Атырау қаласындағы Қосшағыл совхозында бастаған. Әр жылдары Атырау облысы совхоздарында слесарь, машина алаңы меңгерушісі, бас инженер болып жұмыс істеді. Сонымен қатар жеке компанияларда қызмет еткен. 1998-2002 жылдары салық (қаржы) полициясы органдарында жұмыс істеді. 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды. 2008-2014 жылдары Көлік және коммуникациялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2014-2019 жылдары Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы лауазымын атқарды. 2019 жылдан бастап осы жылдың мамыр айының соңына дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы болды.