Қандастардың көпшілігі қай елден көшіп келіп жатыр?
Қандастардың көпшілігі қай елден көшіп келіп жатыр?
Фото: tengrinews.kz
Жыл басынан бері 1 маусымдағы дерек бойынша, 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Биыл Қазақстанға келген қандастардың көпшілігі 68,7%-ы – Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды. Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар – 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар – 22,8% және зейнеткерлер – 14%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,4%-ы – жоғары, 40,3%-ы – орта кәсіби, 46,6%-ы – жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ. Жалпы, 1991 жылдан бері елге 1 млн 93,5 мың этникалық қазақ оралған.