Каспий теңізіне батып кеткен баланың денесі табылды
Каспий теңізіне батып кеткен баланың денесі табылды
Фото: sputniknews.ru
306
оқылды
Серфингтен құлап, суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды. Бұл туралы Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады. 2005 жылы туған бала «Солдатский» жағажайы тұсында серфинг кезінде суға батып кеткен. ТЖД-нен 5 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 техника, «Апаттар медицина орталығынан» 3 қызметкер, 1 техника іздестіру жұмысына жұмылдырылды. Баланың денесі бүгін сағат 08.35-те табылды. Бұған дейін үйленгеніне бір күн болған жігіттің Каспий теңізіне батып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.