Банктер жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды шектеді
Банктер жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды шектеді
209
оқылды
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысатын банктер өтінім қабылдауды шектеді. Қазір Еуразиялық банк өтінім қабылдауды толығымен тоқтатқан.
«Біздің банк арқылы жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл несие лимитінің бітуіне байланысты. Ал жобаның қашан қайта іске қосылатыны белгісіз»,–  деді Еуразиялық банк өкілдері.
Банктің баспасөз қызметі осы уақытқа дейін барлығы 9 мыңға жуық өтінім қабылданғанын хабарлады. Қазір олар қаражаттың екінші траншы түсуін күтіп отыр. Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі, ForteBank өтінімдерді қабылдайтынын, бірақ несиеге тек Hyundai автокөліктерін алуға болатынын мәлімдеді. Бүгінде жеңілдетілген автонесие арқылы 1 618 қазақстандық көлік алған.