Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
235
оқылды
Ақтауда 2 маусым күні суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды.  Lada.kz порталының жазуынша, 2 маусымда 2005 жылы туған жасөспірім суда жүзіп жүріп батып кеткен. Оның денесін құтқарушылар жағадан 100 метр қашықтан тапқан. 16 жастағы бала арнайы тақтаймен (SUP-борд) теңізге шыққан.
«Таңғы сағат 08.35-те Каспий теңізінің жағалауында Төтенше жағдайлар департаментінің күштері 2 маусымда серфинг жасап жүзіп жүріп суға батып кеткен 2005 жылғы жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға шығарды», – деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға тергеушісі Есен Борашев.
Белгілі болғандай, қайтыс болған жасөспірім Бейнеу ауылының тұрғыны екен.