Қызылордада саябаққа кеткен екі қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Қызылордада саябаққа кеткен екі қыз із-түзсіз жоғалып кетті
198
оқылды
Қызылордада саябаққа кеткен екі жасөспірім қыз табылмай жатыр, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.  1 маусым күні 14 және 16 жастағы Раушан Меңлібай мен Нарғыз Жұбандық саябаққа серуендеуге кетіп, қайтып оралмады.
"Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы екі қызға іздеу салады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29-75-20 телефонына немесе "102" арнасына  қоңырау соғуларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.