Жаңбыр, найзағай, бұршақ: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
© pixabay.com
303
оқылды
"Қазгидромет" РМК 4-6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр жауады, 5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді: батыста 22-33 жылу, оңтүстік-батыста 29-37 жылу, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылу, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр 15-26 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы, Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады",  делінген хабарламада.