3 маусымда Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер және жаңа Қазақстанның елшілдік әлеуеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға ведомствоға қарасты Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Бораш, Түркітану және алтайтану ғылыми зерттеу орталығының директоры, түрколог ғалым Қ.Сартқожаұлы, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы, профессор С.Негимов, геральдист А.Рысбекұлы мен белгілі әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлұлы қатысып, мемлекет айбынын танытанын рәміздер бойынша баяндама оқыды.
– 4 маусымда Мемлекет басшысымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі болады. Бұл тұста барлық мекемелерде Әнұран орындалатынын айта кеткен жөн. Атаулы күн аясында Мәдениет министрлігі «Жыл патриоты» атты патриоттық форумын өткізеді, – деді ол.
Салтанат Асанәліқызы, Қарақат Әнуарқызы, ЕҰУ-дың 2-курс студенттері