Димаштың жаңа әні – үздік ондықта
Димаштың жаңа әні – үздік ондықта
Димаш Құдайбергеннің «О’кей» атты жаңа әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10 тізіміне енді. Бұл туындыны Димаш үшін ресейлік композиторлар Игорь Николаев пен Игорь Крутой арнайы жазған. Dimashnews сайтының хабар­лауынша, бұдан бөлек әншінің Fly Away әні аталған чартта 22 апта бойы үздік ондықтан түспей тұр. Ол композиция чартқа алғаш рет былтыр күзде шыққан еді. Димаштың жанкүйерлері Twitter-де премьераны қызу талқылап, бір-бірінен сүйінші сұрасқан болатын. Айта кетейік, Billboard’s Hot 100 – апта сайын америкалық Billboard журналы жариялайтын АҚШ-тағы ең танымал 100 әннің хит-парады.