«AMANAT» мәселені шешеді
«AMANAT» мәселені шешеді
«AMANAT» партиясы Түр­кістан облыстық филиалы мо­бильді қоғамдық қабылдау жобасы шалғай елді мекен тұр­ғындарының мәселесін ау­дан орталықтарына бармай-ақ шешуде жемісті жұмыс іс­теп келеді. Жоба аясында әр ауданнан ша­ғым­дар көп түсетін 5 шалғай елді ме­кен таңдалып алынған. 15 нау­рыздан бері Түркістан өңірі бойын­ша оған 8 аудан және 1 қала қам­тылып, мобильді топ 44 елді ме­кенге барды. Осы орайда жергілікті азаматтардың партияға деген се­німі артып отыр. Оған дәлел, қа­был­дауларға 1473 адам келіп бел­сен­ділік танытқан. Бүгінге дейін 162 мәселе оңтайлы шешімін тауып отыр. Солардың бірқатарын атап өтер болсақ, шалғайдағы ауылдардың біршамасына ортақ проблема - ұялы байланыс пен интернет сапа­сының сын көтермеуі. Келес ау­даны, Жамбыл ауылдық округінде өткен қабылдауда ауыл тұрғыны Б.Әлтаев интернет жылдамдығын 4G стандартымен қамтамасыз етуге өтініш білдірген. Аймақтық партия филиалы жауапты басқар­маға тапсырма жүктеп, нәтижесінде аталған ауылдық округтің 4 елді ме­кеніне 3G ұялы байланыс интер­неті қосылды. Биыл Жамбыл ауыл­дық округінің орталығы Бекбота елді мекеніне 4G жылдамдықтағы интернет желісі қосылады деп жос­парланған. Сонымен қатар Қазығұрт ау­даны, Шанақ ауылының тұрғыны Т.Абдрашов газдандыру, ауызсу тапшылығы, Ақбура бұлағының маңынан су қоймасын салу туралы өтінішін жеткізген. Партия филиа­лы тиісті мемлекеттік органдармен байланысып, Шанақ елді мекенін табиғи газбен қамту жұмыстары биыл жүргізілетінін және Ұлттық қордан қаржы бөлінгенін анық­тады. Ақбура бұла­ғының маңына су қоймасын салу жұмыстары биыл жүргізіліп, тұрғындар­­­ға ауызсу тұрақты бе­рілетін бо­лады. Жедел шешілген өтініштердің қатарында жұмыссыздық мәселесі бар. Мәселен, Арыс қаласының тұрғыны К.Исабекова тұрақты жұ­мыспен қамтуды сұраған. Қалалық «Адами әлеуетті дамыту» бөліміне ұсыныс білдірудің нәтижесінде өтініш иесі Аққала елді мекеніндегі мектеп асханасына жұмысқа орна­ластырылған. Бү­гінде облыс көлемінде ай­мақ­тық және аумақтық филиал­дарда жалпы 18 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп тұр. Өз нәти­жесін көрсетіп келе жатқан мо­бильді қоғамдық қабылдаудың жұ­мысы әлі де жалғасып жатыр.

Түркістан облысы