«Менің елім» мерекелік көңіл күй сыйлады
«Менің елім» мерекелік көңіл күй сыйлады
399
оқылды
Кеше Нұр-Сұлтан қала­сындағы EXPO аумағында «AMANAT» партиясының ұйым­­дастыруымен Мемлекет­тік рә­міздердің 30 жылдығына орай «Менің елім» атты мере­келік концерт өтті. Іс-шараға белгілі әншілер қа­тысып, әннен шашу шашып, елор­­далықтардың көңіл күйін кө­терді. Кешті тамашалауға 20 мың­нан астам көрермен жиылды. Еркеғали Рахмадиев атындағы филар­мо­нияның солисі Алтын­шаш Мұқа­тае­ва мерекеге орай тыңдармандар­ға өзінің авторлық әнін шашу ре­тін­де орындады. «Бұл әнім негізі өзімнің өмір жолым ту­ралы өрбиді. Жалпы, мен қала­да­ғы барлық қо­ғамдық іс-шаралар­дан қалмауға тырыса­мын. Өйткені мем­лекеттің өзгеруі әрбір адамның алға қойған мақ­са­тына байланысты деп ойлай­мын. Барлық отандас­тарды мере­кемен құттықтаймын! Еліміздің көк Туы әрқашан жел­бі­реп, Әнұранымыз асқақтай берсін!» – деді Алтыншаш Мұқатаева. Ол «Біз секілді мүмкіндігі шек­теулі адамдардан «мүмкіндігі шек­теулі» деген тіркесті алып тас­тауын қалаймын» деген ойын біл­дірді. Оның айтуынша, адамның қолы­нан келмейтін іс жоқ. мереке Мерекелік концертке қатысу үшін арнайы Алматыдан келген ән­ші, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рым­баева да өз құттықтауын жолдады. «Рәміздер мерекесі – бұл нағыз халықтық мереке деп санаймын. Себебі біздің рәміздеріміз – ол біздің мемлекеттілігіміздің айғағы. Рәміздер күні мерекесін өсіп келе жатқан жас ұрпақ біліп өсуі керек. Оларды әрқашан дәріптеп, қуа­нышты мереке ретінде атап өтуіміз қажет. Мен де бүгінгі мерекеге ән­­деріммен үлесімді қосамын. Мем­лекеттік рәміздеріміздің 30 жыл­­дығымен барша қазақстандық­тарды шын жүректен құттықтай­мын!», – деді Роза Қуанышқызы. Ту Сахнаға көтерілген «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайы­мов та жиылғандарды мерекемен құттықтап, ақ тілегін арнады. «Биыл мемлекеттік рәмізде­рі­мізге 30 жыл толып жатыр. Жо­ғары деңгейде атап өтуге тұралық мем­ле­кеттік мереке деп есептеймін. Елдігіміздің айтулы мерекесімен баршаңызды құттықтаймын», – деді «Жігіттер» тобының әншісі. «AMANAT» партиясы Bizbirgemiz еріктілер қозғалысының төрағасы Перизат Қайраттың ай­туынша, бұл мереке мемлекетіміз­дің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейді. «Мемлекетіміздің рәміздерін көзіміздің қарашығын­дай қорғауымыз керек. Бұл – біздің Әнұранымыз, Елтаңбамыз бен көк Туымыз. Сондықтан біз бүгін 20-ға жуық танымал отандық әншіні шақыртып, азаматтардың рухын оятатын әндерді орындап беруін қаладық. Шындығында ха­лық концерттен мерекелік көңіл күйде ғана емес, патриоттық се­зім­­мен қайтуы керек», – деді Перизат Қайрат. Жас әнші Дана Кентай да мерекемен құттықтап, лебізін біл­дірді. алаң Жиналған халықтың пікірі де дәл осыған саяды. Егемен елі­міздің тұғыры биік, болашағы жарқын болуын тілеген елор­далық Азамат Жетігенов «ке­лешек ұрпақ мемле­кеттік рәміз­деріміздің мерейін өсіретін өр ұл-қыз болып өссе, ата-ба­ба­лардың аманатына кір кел­тірмегеніміз» деген тілегін жет­кізді.