Қостанайда көпқабатты 5 үйдің құрылысы тоқтатылды
Қостанайда көпқабатты 5 үйдің құрылысы тоқтатылды
Қостанайда көпқабатты 5 үйдің құрылысы бір айға тоқтатылды. Atameken Business ақпарат көзінің мәліметінше, прокуратура мердігер компанияны сәулет-құрылыс заңнамасын бұзды деп айыптап отыр. Олар жобалау-сметалық құжатына сараптама жасатпай, іске кірісіп кеткен. Техникалық-авторлық қадағалау да жасалмаған. Құжаттарынан шикілік табылған компанияларға 612 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ тағы 2 құрылыс ұйымы үлескерлерден заңсыз ақша жинаған. Компания тұрғын үйдің қазығын қақпай жатып, пәтерлердің барлығын сатып жіберген. Бұл компанияға қанша үлескер қаржы салғаны әзірге белгісіз.