Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні «Абай» алаңында Республика сарайының алдында мемлекеттік гимнді бір мезгілде орындау акциясы өтті.
Мерекелік іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев қатысып, қала тұрғындарымен бірге Мемлекеттік Әнұранды орындады. Патриоттық акцияға 500-ден астам қала тұрғыны мен мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Сонымен қатар Әнұран қала саябақтары мен мектептерде, СОО сияқты көптеген қоғамдық орындарда шырқалды.