Ертең қазақстандық 4 боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Ертең қазақстандық 4 боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Фото: mail.kz
5 маусым, жексенбі күні таңертең Миннеаполис (АҚШ) қаласында төрт қазақстандық боксшы – Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО), Евгений Павлов (6-0, 4 КО), Абылайхан Жүсіпов (1-0, 0 КО) және Әбілхан Аманқұл дебюттік айқас өткізеді, – деп хабарлайды Sports.kz. Бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 07:00-де басталады. Бек Нұрмағанбет америкалық Хайнелл Уилермен (7-1, 6 КО) кездеседі. Супер орта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген. Нұрмағанбет – кәсіпқой бокста WBA International чемпионы. Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидомен (2-2, 1 КО) кездеседі. Кездесу алты раундқа жоспарланған. Абылайхан Жүсіпов кәсіби мансабындағы екінші жекпе-жегінде мексикалық Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта төрт раундқа есептелген. Жүсіпов әуесқой бокста екі рет Қазақстан чемпионы атанған, сондай-ақ үш рет әлем чемпионатының «қоласын» жеңіп алды. Әбілхан Аманқұл кәсіби рингте дебюттік айқасын өткізеді. Ол америкалық боксшы Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) кездеседі. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. Аманқұл әуесқой бокста үш рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алды, сондай-ақ әлем чемпионатында «күміс» жүлдеге ие болды.