Қазақстаннан келген туристерге күш қолданған Өзбекстан полицейлері жұмыстан шығарылды
Қазақстаннан келген туристерге күш қолданған Өзбекстан полицейлері жұмыстан шығарылды
Фото: ктрошоке optimism.kz
223
оқылды
Өзбекстанның Ішкі істер органдары Самарқандта Қазақстаннан келген туристерді ұстау кезінде электрошокер пайдаланған екі қызметкерін жұмыстан шығарды. Бұл туралы "Газета.uz" басылымы хабарлады. Басылымның мәліметі бойынша, Самарқандта Ішкі істер органдарының екі қызметкері  Қазақстаннан келген туристерді ұстау кезінде күш қолданып, электрошокер пайдаланған. Қазір прокуратура оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 206-бабының 1-бөлігі (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша іс қозғады. Оқиға 21 мамыр күні Өзбекстанда түнгі уақытта болған. Самарқандтың патруль қызметкерлері туристер тобын ұстаған. Оның ішінде қазақстандықтар да болған. Ұстау кезінде тәртіп сақшылары электрошокер қолданып, құжаттарының болғанына қарамастан қазақстандықтарды учаскеге күштеп апарған. Бұған дейін Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров пікір білдіргенін жазған болатынбыз.