2 градус үсік жүреді: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
2 градус үсік жүреді: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
319
оқылды
Синоптиктер 5 маусымға ауа райына байланысты еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жасады. Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 5 маусымда Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа жел ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15 м/с-ке жетеді деп күтілуде. Түнде 5 маусымда Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың шығысында, күндіз оңтүстік-батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжануда. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді деп күтілуде. Нұр-Сұлтан қаласында түнде 5 маусымда кей уақыттарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтіледі. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде 2 градус топырақ бетіндегі үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.