Үкімет басшысы Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді
Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов референдумға ең алғашқылардың бірі болып барды.

Премьер-министр Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қазақстанда референдум арқылы Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.

Жалпы, Қазақстанда 10 мыңнан астам дауыс беретін учаске жасақталған. Ондағы жұмыс таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жалғасады.  Жалпы референдумға қатысуға 12 миллионға жуық дауыс беретін азамат тіркелген.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.