Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумға келіп, өз таңдауын жасады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумға келіп, өз таңдауын жасады
239
оқылды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс беру учаскесіне келіп, референдумда өз таңдауын жасады. Сенат төрағасы дауыс беруге сағат 9:00-де келді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумға дауыс бергеннен кейін журналистерге сұқбат берді. «Биыл елдігіміз бен егемендігіміздің айрықша нышаны мемлекеттік рәміздерімізге 30 жыл толып отыр. Осы мерейлі датамен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ту, Елтаңба, Әнұран – азаттығымызды айшықтайтын, ұлтымызды ұйыстыратын, рухымызды көтеретін ең басты құндылықтарымыз. Сондықтан рәміздерімізді қадірлеп, қастерлеу – әр қазақстандықтың азаматтық борышы, мәртебелі міндеті. Бұл, әсіресе, жас буын үшін бұлжымас өмірлік қағидаға айналуға тиіс. Бұл референдум – мемлекетіміздің ашық, демократиялық, бәсекелестік және теңгерімді дамуына жол ашады», – деді Мәулен Әшімбаев. Мәулен Әшімбаев Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.