Референдумда дауыс берушілердің қарасы көп
Референдумда дауыс берушілердің қарасы көп
172
оқылды
Бұл – менің алғашқы референдумым. 1995 жылы өткен референдумды оқығаным болмаса, қатысқаным жоқ. Ол кезде тәй-тәй басып жүрген бала едік. Ал енді осы жолғы референдумға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Алдымен өзімнің тұрғылықты жерімдегі №117 учаскеде дауыс беріп қайттым. Сол жерде дауыс беруге келген ерлі-зайыпты зейнеткер ата-әжені көрдім. Қарт әжей жүріп-тұруы қиындау екен. Қолында балдағына таянып алған. Бір жағында қариясы сүйеп жүр. Солар учаскеге бүкіл отбасымен келіпті. Қасында келін-баласы, немерелері бар. Осыдан-ақ адамдар дауысының маңызды екенін сезініп, референдумға келгені байқалды. Қазір өзім байқаушы ретінде №118 сайлау учаскесіндемін. Байқағаным, референдумға таңертеңнен келіп жатқан халықтың қарасы көп.  Осыдан халықтың өзгеріске бей-жай қарамайтынын көруге болады. Оның үстіне кейбір қарттар дауыс беруге таңғы алтыдан келіп алған екен.