Қызылордада 101 жастағы майдангер референдумға дауыс беру учаскесі ашылмай тұрып келді
Қызылордада 101 жастағы майдангер референдумға дауыс беру учаскесі ашылмай тұрып келді
Фото: Referendum.kz
293
оқылды
Қызылорда облысында 101 жастағы соғыс ардагері Яхия Тасыров референдумға алғашқылардың бірі болып келді. Ол дауыс беру азаматтық борышым деп санайды. Яхия Тасыров Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде тұрады. Майдангер кент орталығындағы №155 референдумға дауыс беру учаскесі ашылмай тұрып келді. Майдангер 1922 жылы дүниеге келген. Ташкентте текстиль оқуын оқып, 1940 жылы текстиль фабрикасына шебердің көмекшісі болып жұмысқа орналасты. 1942 жылдың қазанында майданға аттанып, Сталинград, Курск, Польшаның қалаларында жауға тойтарыс берді. Батырлық пен патриотизмнің үлгісін көрсетті. 1944 жылы Германияға кіріп, жау басып алған аумақтарды азат етуде жанқиярлықпен соғысты. Ол 1945 жылы тамыздың аяғында елге оралған. Бейбіт өмірде түрлі салаларда еңбек етіп, 1982 жылы зейнетке шықты.