Таңдауымды жасадым, болашағымыздың жарқын болатынына сенемін – Берік Біләлов
Таңдауымды жасадым, болашағымыздың жарқын болатынына сенемін – Берік Біләлов
219
оқылды
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы мәслихатының хатшысы Берік Біләлов референдумға барып, өз таңдауын жасағанын айтты. – Бүгін – Тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірінде ерекше тарихи күн. Ел бойынша жалпыхалықтық референдум басталды. Бұл – Ата Заңға өзгерістер енгізуге қатысты  27 жылда өтіп отырған референдум. Саяси шара халық билігін жүзеге асырудың төте жолы деп білемін. Бүгін әр тұрғын өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, таңдау жасауы ел болашағы үшін маңызды. Мен де өз таңдауымды жасадым. Болашағымыздың жарқын болатынына сенемін, –  дейді Берік Біләлов. Мұнайлы ауданындағы  таңғы 07:00-ден бастаған №36 сайлау учаскесінде дауыс бергендердің қатарында қарапайым тұрғындармен қоса, әскерилер көп. Олардың белсенділігі үшін естелік сыйлықтар табысталып жатыр. Жалпы учаске бойынша 83 361 аудан тұрғыны сайлау құқығына ие. Қазірдің өзінде референдум учаскелерінің ашылуымен мұнайлылық тұрғындар белсенділік танытып жатыр.