Бұл жолғы шараның маңызы зор екені сезіледі
Бұл жолғы шараның маңызы зор екені сезіледі
198
оқылды
Бүгінгі саяси маңызы бар шараның жөні бөлек. Дауыс беруге келіп жатқан халықтың қарасы көп. Түркістан облысы Кентау қаласында мерекенің лебі сезіледі. Жұрт дауыс беру уақыты 7-00-де басталатынына қарамай, учаскеге таңғы 5-тен бастап жиналған. Бұл туралы №43 референдум учаскесінде «AMANAT» партиясының өкілі ретінде қатысып отырған Әділбек Қайырбеков айтып өтті. шара «Халықтың қуанышында шек жоқ. Таңғы 5-тен бастап жиналғандарды әлі ерте деп қайтарып жібердік. Олар көп ұзамай-ақ қайта айналып келді. Алғашқы 4 дауыс берушіге референдум учаскесі комиссиясы атынан сыйлықтар табыс етілді. Оның ішіндегі 2-еуі 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беру құқығын иеленгендер. Негізінен ерлі-зайыптылар мен зейнет жастағы қариялар және мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейтіндер келіп жатыр. Барлығы да көңілді, Жаңа Қазақстанды құруды қолдаймыз деп, қариялар батасын беріп кетіп жатыр. Байқағаным, бұл жолғы саяси маңызды шараны халық ерекше ықыласпен қабылдаған», - дейді Әділбек Алиякпарұлы. Кентау қаласындағы №43 референдум учаскесіндегі жалпы тізім бойынша 2683 дауыс берушінің 200-і өз таңдауын жасаған. Одан бөлек, осы уақытқа дейін 6 тұрғыннан үйде дауыс беруге өтініш түсіпті. Партия өкілі түске таяу өзге бақылаушылармен бірге үйде дауыс беру рәсіміне қатысатынын жеткізді. Айта кетейік, Түркістан облысында 914 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 162 994 азаматтың дауыс беруге құқығы бар.