Референдумда полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр – ІІМ
Референдумда полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр – ІІМ
Фото: sputnik.kz
158
оқылды
Референдумда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов айтты. «Заңнамаға сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне референдум өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүктелген. Сондықтан жалпы ішкі құрам күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр. Бюллетеньдерді әкелердің алдында бүкіл сайлау учаскелері қауіпсіздікке қатысты тексерілді. Осы орайда өрт қауіпсіздігі жүйесі де қамтылды», – деді Атығай Арыстанов. Ел бойынша жағдай тұрақты, ешқандай бұзақылық дерегі тіркелген жоқ.