Эйфель мұнарасына найзағай түсті
Эйфель мұнарасына найзағай түсті
Париждегі Эйфель мұнарасына найзағай түсті. Бұл туралы танымал фотограф Кулик Бертран Twitter-де жазды. "Эйфель мұнарасына сағат 18.00 шамасында түскен найзағай. Бір уақытта екі камерамен түсірілді", – деген ол парақшасына. Tengrinews.kz тілшісі француздық БАҚ өкілдерінің мәліметін де келтіреді. «Кешенге жылына орта есеппен бес рет найзағай түседі. Бұл халыққа қауіпті емес. Өйткені Эйфель мұнарасының жоғарғы жағында электр қуатын тарататын төрт жайтартқыш орнатылған» делінген сайтта.