Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 24 учаске бар. Қала тұрғындары таңғы сағат 7-ден бастап келіп, өз таңдауын жасауда. Соның ішінде «AMANAT» партиясының Атырау облыстық және аудандық филиал өкілі, Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Ерқұл Дәулетбаев дауыс берген. – №93 дауыс беру референдум учаскесінде байқаушымын. Маңызды күнде учаскеге қарасты тұрғындар таңның атысымен асығып келгені қуантады. Барша азаматтар науқанға қатысып, өз таңдауын жасауда. Соның ішінде мен де өз таңдауымды жасадым. №93 сайлау учаскесінде 2178 сайлаушы тіркелген. Қазір соның 50 пайызы дауыс берген. Референдумға өз дауысын берушілер тиянақты, жинақы, сауатты екенін көрсетіп жатыр, – дейді Ерқұл Сабырұлы. Жылыой ауданы бойынша 48 675 сайлаушы бар. Қазіргі таңда 24 550 сайлаушы өз таңдауын жасап, 50,44 пайызға жетіп отырмыз.