Әлеуметтік желілерде тағы бір фейк жазба тарады
Әлеуметтік желілерде тағы бір фейк жазба тарады
200
оқылды
Қазақстандық Telegram арналарда бірден бірнеше бюллетеньді дауыс беруге арналған жәшікке салып жатқандар түсірілген видео тарады. Stopfake.kz ақпарат көзінің мәліметінше, бейнежазба бүгін, 5 маусымда республикалық референдум барысында түсірілгені жазылған. Бұл – жалған ақпарат. "Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың айтуынша, заңбұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде болған", –  деп жазды портал тілішері. Видеоның бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ.