Қазақстандағы референдум ел заңнамасы мен халықаралық нормалар негізінде өтіп жатыр – ТМД байқаушылар Миссиясының басшысы
Қазақстандағы референдум ел заңнамасы мен халықаралық нормалар негізінде өтіп жатыр – ТМД байқаушылар Миссиясының басшысы
148
оқылды
Шетелдік байқаушылардың кезекті брифингінде ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Леонид Анфимов бүгін Қазақстанда өтіп жатқан республикалық референдумға өз бағасын берді. Елімізде өтіп жатқан референдум ТМД байқаушылары миссиясы өкілі тарапынан  жоғары бағаға ие болды. Байқаушылар сайлау учаскелеріндегі барлық нормалар техникалық тұрғыдан да, сайлаушыларға қызмет көрсету мен бақылаушылар қызметін ұйымдастыру жағынан да қатаң сақталғанын жеткізді.
«Қазақстан референдумды ұйымдастыруға өте жақсы дайындалған. Миссия тарапынан техникалық жағдайға, ережелердің сақталуына, референдумға дайындық пен оны өткізу барысына қатысты ешқандай ескертулер жоқ. Барлығы да заңнама мен халықаралық нормалар аясында өтіп жатыр», – деп мәлімдеді Леонид Васильевич.
ТМД миссиясы атынан 144 адам аккредиттелген. Олардың ішінде ТМД-ға мүше барлық дерлік мелекеттердің өкілдері бар. Тек Украина мен Молдова өкілдері келген жоқ. Байқаушылардың бір бөлігі елімізде 21 мамырдан өз жұмысын бастаған. Олар 5 маусымға дейін дайындық барысын бақылап, өз бағаларын берді.
«Қазақстанда  миссия басшысы ретінде өз жұмысымды 1 маусымнан бастап атқарып жатырмын. Мемлекеттік органдармен, соынң ішінде Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының басшысымен бірқатар қызықты кездесуге қатыстым. Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестің, ІІМ, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің басшылығымен де кездестім. Осы уақыт ішінде біз Қазақстан мен ел халқының өміріндегі аса маңызды саяси оқиғаны өткізуге дайындығын жан-жақты бақыладық», – деді Леонид Анфимов брифинг барысында.
Сонымен қатар миссия басшысы бақылау жұмысы Қазақстанның сайлау және референдум өткізу заңнамасына сәйкес саяси бейтараптық және Достастық шеңберінде қабылданған бірқатар құжат негізінде жүргізілгенін айтты.