Сағат 16.00 дейін 7,1 млн қазақстандық референдумда дауыс берді
Сағат 16.00 дейін 7,1 млн қазақстандық референдумда дауыс берді
128
оқылды
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 7 127 366 адам дауыс бергенін мәлімдеді. 
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16.00-де өңірлердегі азаматтардың саяси науқанға келуі мынадай: Ақмола облысы – 65,11, Ақтөбе облысы – 53,52, Алматы облысы – 66,58, Атырау облысы – 56,19, Батыс Қазақстан облысы – 57,70, Жамбыл облысы – 67,36, Қарағанды облысы – 68,69 , Қостанай облысы – 69,18, Қызылорда облысы – 72,26, Маңғыстау облысы – 53,13, Павлодар облысы – 64,58, Солтүстік Қазақстан облысы – 69,80, Түркістан облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 68,30, Нұр-Сұлтан қаласы – 48,40, Алматы қаласы – 25,95, Шымкент қаласы – 63,34 пайыз. Жалпы, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 127 366 азаматы бюллетень алған. Бұл - тізімге енген азаматтардың 60,80 пайызы», - деді Асылбек Смағұлов.
Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскесіне келуіне қатысты келесі деректі сағат 18.00-де ұсынады.