Exit poll өкілдері Алматы облысында сауалнама жүргізді
Exit poll өкілдері Алматы облысында сауалнама жүргізді
181
оқылды
Алматы облысының барлық дауыс беру учаскелеріндегі жұмыстың қызуы басылып қалды. Референдум деп елеңдегелі біраз болған  жұрт түске  тобымен келіп, таңдауын білдірген еді. Кешқұрым адам саны азайып қалды. Дауыс берушілермен сауалнама жүргізіп жүрген экзит-пол өкілдерінің айтуынша, жалпы халықтың референдумға қатысты ынтасы жоғары, сенімдері берік. Барлығы өз еркімен келіп, ешқандай ың-шыңсыз бюллетеньге белгісін қойып, учаскедегі жауаптыларға алғысын айтып, кетіп жатыр. Көңіл күйлері де тамаша. exit poll
«Сағат кешкі беске дейін төрт жүзге жуық адам дауыс берді. Орта жастағылар мен үлкендердің белсенділігі жоғары және жүздерінде бұл референдумның, өз таңдауының дұрыстығына қатысты сенім байқалады. Учаскеге келгендердің бәрі дерлік Конституцияға өзгерістер енгізудің қажеттілігін қадап айтып, болуға тиісті жаңалықтардан зор үміт күтетіндерін жасырмайды.  Бір өкініштісі, дауыс берушілер қатарында 18-30 жас аралығындағылар аздау көрінді және сөзге тартқанда, олардың  саяси шараға ынтасының төмендегі сезіліп тұрды. Қалай дегенмен де, сауалнамаға қатысушылардың барлығына жуығы  бұл жолғы дауыс берудің алдағы өмірімізге бұрынғыдан өзгеше өзгерістер әкелеріне сенімді», – дейді Талғар ауданының Кеңдала ауылындағы №38 мектепте орналасқан №875 дауыс беру учаскесінде сауалнама жүргізіп жүрген экзит-пол өкілі Айжан Иманбаева.

Болат Абаған, Алматы облысы