Сырбойлықтар референдумға белсенді қатысып жатыр
Сырбойлықтар референдумға белсенді қатысып жатыр
175
оқылды
Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Конституцияда мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық екендігі айқын көрсетілген. Өтіп жатқан референдум Ата Заңымыздың осы негізгі қағидасының жүзеге асырылуының айқын көрінісі. Өз кезегінде ел тағдырын анықтайтын маңызды саяси шараны ақпараттандыру, оның мәні мен мазмұнын көпшілікке жеткізу бойынша «AMANAT» партиясы жүйелі жұмыстар жүргізді. Осы мақсатта партияның барлық құрылымдық бөлімшелері, Сенат депутаттары мен Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардағы барлық фракциялар мүшелері, партияның бастауыш ұйымдары мен жақтастары үгіт-насихат шараларына бір кісідей қатысты. Бұдан бөлек партиядан өңірдегі барлық дауыс беру орындарында арнайы өкілдері қатысып, халық таңдауының заң талаптарына сәйкес өткізілуіне қоғамдық байқау жасауда. Олардың мәлімдеуінше тұрғындардың референдумға қатысу белсенділігі жақсы деңгейде және дауыс беру процесінде заң бұзушылықтар орын алмаған. Бұл бір ай көлемінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізген әріптестеріміздің халық игілігі жолындағы жұмыстары нәтижесінің жоғары болғанын көрсетіп отыр. Жалпы Ата Заңға өзгерістер енгізу бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыхалықтық референдум біздің өңірдегі барлық 373 сайлау учаскелерінде заңнамалық талаптарға сәйкес жұмыс жасауда. Мен де бүгін өз дауыс беру учаскеме барып, алғашқылардың бірі болып, өзгерістер үшін өз таңдауымды жасадым. Байқағаным, референдумға таңертеңнен келіп жатқан халықтың қарасы мол. Бұл Сыр жұртшылығының ел болашағын айқындайтын оң өзгерістерге бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ел ертеңі үшін маңызды саяси шараны ұйымдастырушылар мен қатысушы жерлестеріміздің  жұмысына сәттілік тілеймін!

Л.Төрешова, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы