Exit poll қорытындысы түнде жарияланады

Exit poll қорытындысы түнде жарияланады 1

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының орталық кеңсесі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан. Біздің ұйым бүгін бүкіл республика бойынша сауалнама жүргізді.

Мен бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданына қарасты Червонное ауылындағы сайлау уаскелерінің бірінде жұмыс істедім. Атап айтқанда, дауыс беріп шыққан адамдардың арасында сауалнама жүргіздім. Олардың жауаптары құпия болып саналады. Біз олардың жауаптарының анонимділігі сақталатынына кепілдік береміз. Жауаптар жалпылама түрде пайдаланылады. Әр учаскеде кем дегенде 40 дауыс берушіден жауап жинаймыз. Дауыс учаскесінің аумағында сауалнама жүргізуге заңнамаға сәйкес тыйым салынған. Сондықтан біз өз жұмысымызды учаскенің сыртында ғана жүргіздік.

Респонденттерге «Қалай дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойдық. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың жасын, ұлтын, жынысын жазып алдық. Дауыс беруші бізге жауап беруден бас тартуы да мүмкін. Бұл олардың өз еркі. Мұндай жағдайда оның бас тартқанын белгілеп, басқа дауыс берушіні күтеміз.

Демократия институты бұл жолы өз еркімен exit poll жүргізді. Бізге КТК телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті. Exit poll қорытындысы түнгі 00.00-ден кейін жарты сағат ішінде осы телеарнадан көрсетілетін болады.

Әлия КУЩУГУЛОВА

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.