Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
253
оқылды
Алматы-Бішкек тас жолында болған жол апатынан жүргізуші аман қалды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жол апаты 4 маусым күні кешке Алматы – Бішкек тас жолында Тұрар кентіне жақын маңда болды. Куәгерлер әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген бейнежазбалармен бөлісіп жатыр. Жарияланған кадрларда соқтығысқаннан кейін көліктің біреуі екіге бөлініп кеткенін көруге болады. Кадрдан зардап шеккен жолаушылар автобусы, сондай-ақ тағы бір жеңіл көлікті байқауға болады. Жол апатынан үш машина зардап шеккен. Полиция Алматы-Бішкек автожолының 36-шы шақырымында Қарасай ауданында жол апаты болғанын хабарлады.
«24 жастағы Mitsubishi Galant жүргізушісі Алматыда шығыс бағытта келе жатып, Mazda маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Ары қарай соққы инерциясынан Mitsubishi қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Yutong Bus автобусымен соқтығысты», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.