Димаштың 3 әні әлемнің ТОП-10-дығына енді
Димаштың 3 әні әлемнің ТОП-10-дығына енді
527
оқылды
Димаш Құдайбергеннің бірден 3 әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10-дығына енді. Қазақстандық әншінің Okay атты әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадында 8-орында тұр. Ол әнге жақында бейнеклип түсірілген. Одан жоғарырақ Димаштың орындауындағы Fly Away әні бар, ол 22 апта бойы ТОП-10 тізімінде тұр. Д. Құдайбергеннің Fly Away композициясы алғаш рет Billboard  Hot Trending Songs жаңа чартына 2021 жылдың күзінде қосылған. Кейін чартқа Be with me авторлық композициясы еніп, ол 24 апта бойы тізімнен түспеді. Ал биылғы қаңтарда қазақстандық әншінің аталған қос әні апталық чартта рейтингінің ең жоғары жолдарына – 1 және 3-орындарға көтерілді. Биыл 15 мамырда World Music Awards ресми аккаунты жеке орындаушылар арасында Billboard’s Hot Trending Songs чартында ұзақ уақыт тұратын екі әнді атап өтті. Олар: Димаштың Fly Away әні және Оңтүстік Кореяның дүниежүзіне танымал BTS тобының мүшесі Джиннің Yours композициясы.