Алматыда донер сататын дүңгіршек өртенді – видео
Алматыда донер сататын дүңгіршек өртенді – видео
Фото: kris_p_almaty_official
Алматы қаласында Life town сауда орталығына жапсарлас орналасқан донер сататын дүңгіршек өртенді. Қызыл жалын сауда орталығын да шарпыған. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Өрт 6 мамырда сағат 05.45-тер шамасында шыққан. Донер сататын дүңгіршектен шыққан өрт сауда орталығының екінші қабатына ұласқан. «Өрт аумағы – 150 шаршы метр. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 05.50-де (5 минутта) келді. Өрт сағат 06.16-да ауыздықталып, 06.30-да сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 50 адам жұмылдырылды», – деді ТЖД өкілі.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @kris.p.original