«AMANAT»: Павлодарда ерекше трамвайда тұрғындар мәселесі шешілетін болды
«AMANAT»: Павлодарда ерекше трамвайда тұрғындар мәселесі шешілетін болды
207
оқылды
Бүгіннен бастап Павлодар көшелерімен ерекше трамвай жүре бастады. «AMANAT» партиясының брендтік түстерімен ресімделген вагон жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, халықты партиялық бағдарламалар туралы хабардар ету үшін өзіндік платформа ретінде қызмет етеді. Жобаны «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» акционерлік қоғамының бастауыш ұйымы партиялық жарналардан бөлінетін ай сайынғы қаражаттың 20 пайызы есебінен іске асырды. Рейстің алғашқы күні жергілікті депутаттар жолаушылар арасында қоғамдық қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы «партиялық» трамвайдың тиімді диалог алаңына айналатынына сенімді, онда әрбір адам күнделікті істен алаңдамай, сұрақ қойып, ақпарат ала алады.    width= «Трамвай барлық бағыттар бойынша жүреді. Негізгі бағыт қала орталығында орналасқан №5 айналма жолы болады. Онда қазір ақпараттық стенд ілінген, алдағы уақытта барлық партияластар осы трамваймен жүріп, тұрғындармен тығыз байланыста кездесулер өткізетін болады», – деп атап өтті «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы Мүслім Махмұдов. Сол күні облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары трамваймен қалада қатынап, азаматтарды жеке қабылдады.    width= «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ бастауыш партия ұйымы қайтарымды қаражат шеңберінде 20% мөлшерінде «AMANAT» партиясының жұмысы бойынша трамвайды ресімдеуді ұйымдастырды. Бұл трамвай «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында іске қосылады, сондай-ақ «Бақытты отбасы» , «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобалары да бар. Олардың барлығы біздің алдымызда халық қойып отырған сұраныс пен тілектері аясында еліміздің, қоғамның әлеуметтік даму саласына бағытталған. Сонымен қатар ең негізгі мақсат – халықпен жұмыс істеу, жылдам мәселелерді шешу екенін атап өткім келеді. Біз осындай бірнеше платформа құрдық. Ірі БПҰ-да мобильді қабылдау бөлмелері ашылған. Осындай қабылдау бөлмелерінің ашылуы аясында трамвай іске қосылды. Біз адамдарды қабылдаймыз, өтініштерді тіркейміз және пысықтаймыз», – деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко. 1 наурызда өткен партияның съезінде Бастауыш партия ұйымдарының бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жерлерде партиялық жобаларды іске асыру үшін БПҰ-ға партиялық жарналардың 20%-ын қайтару тәжірибесі енгізілген болатын. Енгізілген бастамалар БПҰ ынталандырып және оларға партия өміріне белсенді араласып, партиялық жобларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі іс-шара соның айқын көрінісі.