Энергетика министрі газ бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтты 

Энергетика министрі газ бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтты  1
Фото: tirshilik-tynysy.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, көлеңкелі экспорт  сұйылтылған газ бағасын қымбаттатуы мүмкін.

«Мемлекеттік органдар тарапынан бөлшек сауда бағасын реттеу тетігінің болмауына байланысты сұйылтылған газ бағасының өсуі мүмкін. Негізгі себептің бірі – көлеңкелі экспорт. Бұл кейіннен газдың жетіспеуіне және бағаның негізсіз өсуіне алып келеді. Бүгінде  министрліктің ішкі нарықтағы сұйылтылған мұнай газының айналымы мен көлеңкелі экспортқа жедел мониторинг жүргізуге өкілеттігі жоқ», – деді министр.

Министр қымбатшылықтың алдын алу үшін бірнеше шара қабылданып жатқанын да айтты. Атап айтқанда:

– көлікке ілеспе жүк құжаттарын ресімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне сұйылтылған мұнай газын енгізу;

– Қазақстан аумағында автогаз құю стансаларына бақылау-кассалық машиналардың болуына қойылатын талаптарды күшейту;

– Энергетика министрлігіне фискалды деректер операторына және сұйылтылған мұнай газын тасымалдайтын көліктердің ілеспе жүк құжаттарына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік жасау.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.