Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда құны 2,3 миллиард теңгеден асатын есірткі тәркіледі – видео  
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда құны 2,3 миллиард теңгеден асатын есірткі тәркіледі – видео  
Фото: видеодан скриншот
253
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің таралуына тосқауыл қоюды күшейтті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Биыл сәуір мен мамыр айында ҰҚК Қырғыз Республикасы  және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметі мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді. Есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды. Арнайы операциялар барысында есірткі тасымалдаған 15 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі, оның ішінде  90 келі синтетикалық есірткі (270 мың рет қолданылатын мөлшер – ред.), 85,2 келі марихуана, 14 келі апиын, 4 келі гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази  таблеткасы, 500 түп «голланд» марихуанасы және психотроптық зат дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагент жойылды. 2 ай ішінде алынған есірткінің «қара нарықтағы» жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеден асады.   https://youtu.be/IJzggO-kcuw