Доллар бағамы 0,33 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 0,33 теңгеге арзандады
© pixabay
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,33 теңгеге арзандады. 1  АҚШ долларының орташа бағамы – 431, 88 теңге. Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 431,95 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы 431,50 теңге, сатып алу – 436,07 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 430,31 теңгеден болса, сатып алу құны – 433 теңге.