«Барыстан» бірден 13 хоккейші кетіп қалды
«Барыстан» бірден 13 хоккейші кетіп қалды
© inbusiness.kz
Құрлықтық хоккей лигасы (КХЛ) орталық ақпараттық бюроның электронды базасында трансфер кестесін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz. Осы ақпарат бойынша, «Барыс» командасынан 13 хоккейші кеткен. Олардың қатарында шабуылшылар Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк («Автомобилист»), Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко және Томаш Юрчо бар. Ал қорғаушылардан Олле Альсинг («Лександ», Швеция) , Эрик Мартинссон («ХВ 71», Швеция), Джо Морроу, Валерий Орехов («Металлург») және Роман Савченко кетсе, қақпашы Йони Ортио («ХВ 71», Швеция) да елордалық ұжыммен қоштасыпты. Енді «Барыстың» құрамында 12 ғана хоккейші қалды.