Алдағы 3 күнде елімізде 42 градус ыстық болады деп күтілуде
Алдағы 3 күнде елімізде 42 градус ыстық болады деп күтілуде
© egemen.kz
161
оқылды
"Қазгидромет" РМК 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Солтүстік-батыс циклон ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Күндізгі ауа температура солтүстікте 23-30-ға дейін, облыстың оңтүстігінде 33 жылу, орталықта 27-35-ке дейін, шығыста 28-33-ке дейін, оңтүстікте 36 жылу, оңтүстік өңірлерде 27-35, облыстың оңтүстік-батысында 37-42 жылу болады деп күтілуде. Тек республиканың шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде үсік жүреді", делінген хабарламада.