#НеМолчиKZ басшысы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды
#НеМолчиKZ басшысы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды
222
оқылды
#НеМолчиKZ қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі жеке өмірге қол сұғылушылық (ҚК 147-баптың 5-тармағы) туралы іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Дина Таңсәрінің адвокатына берген ресми жауабында айтылған. Мұны «Медиазона» сайты хабарлады. Ондағы дерекке сәйкес, 2020 жылдың қаңтарында Таңсәріге қарсы қозғалған «көрінеу жалған ақпарат таратуға» (ҚК 274-бабының 2-тармағы) қатысты іс осы тергеуге қосылған. 17 мамырда Дина Таңсәрі «Медиазона» редакциясына Қызылордада екінші сынып оқушысының зорланғаны жайлы Facebook-тегі жазбасынан кейін қылмыстық іс бойынша куәгер болғанын айтты. Дегенмен, тергеуді бастау туралы ресми рұқсат Д.Таңсәріге берілмеген. Бұған дейін Алматы полициясының департаменті құқық қорғаушының үстінен жалған ақпарат таратқаны үшін төрт қылмыстық іс қозғаған. Бұл ақпаратты Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол мұны «қорқыту» деп атады. Полиция қылмыстық іске байланысты ресми мәлімдеме жасамаса да, қор басшысын бірнеше рет тергеуге шақырған.