Бүгін сағат 20.00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өткен референдумның қорытындысы бойынша республикалық телеарналар арқылы қазақстандықтарға үндеу жасайды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы парақшасында хабарлады.