Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов nur.kz порталына берген сұхбатында айтты.
«Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз 1-сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2-сыныпта бағдарламаға орыс тілі, 3-сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады», – деп түсіндірген министр.«Әдістеме тұрғысынан алып қарағанда, бұл – дұрыс бағыт», – деді ведомство басшысы. Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізу жоспарланып отыр.