Маусым айының ең қауіпті күндері белгілі болды
Маусым айының ең қауіпті күндері белгілі болды
3,763
оқылды
Астрономдар маусым айында магнит дауылы болады деген болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маусымдағы магнит дауылдары:
10-12 маусым салыстырмалы түрде шамалы геомагниттік ауытқулар болады. Олардың шарықтау шегі 11 маусымда. 15-17 маусым осы айдағы ең күшті магнит дауылы болады. Шарықтау шегі 16 маусымда. 23-25-24 маусымда ең жоғары қарқындылығымен шамалы геомагниттік ауытқулар болады. 30 маусым әлсіз магнит дауылы болжанды.
Дәрігерлер магниттік ауытқулардың алдындағы күндерде және магнит дауылы күндері алкоголь мен ауыр тағамдардан бас тартуды, жеңіл диетаны ұстануға тырысуды ұсынады.
  • Суды, шөп шайды, компотты көбірек ішу керек;
  • Кофе мен қою шайдан бас тартқан жөн;
  • Ашық ауада көбірек уақыт өткізген дұрыс;
  • Кез келген ауыр физикалық белсенділікті басқа кезеңге кейінге қалдыру ұсынылады;
  • Ұйқы режимін қайта қарау керек.